Оралда 25 жастағы жігітті пойыз қағып кетті
Оралда 25 жастағы жігітті пойыз қағып кетті. Оқиға Орал-Желаев теміржолы бойында бүгін таңғы сағат 9-да болған. Ер адам рұқсат етілмеген жерден өткен. Ауруханаға жекізілгенімен, операция кезінде көз жұмды.
Руслан Қисамитденов, Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы:Аталған дерек бойынша Орал желілік полициясы бөлімшесімен ҚР ҚК 344-бабымен қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал Қостанай облысында жол апатынан кәмелеттік жасқа толмаған үш бала қаза тапты. Оқиға «Қостанай-Қарабұтақ» бағытының 494 –ші щақырымында, Бейімбет Майлин ауданының аумағында болған. Рөлдегі 36 жастағы әйел адам жүк көлігін басып озбақ боп қарсы бағытқа шыққанда, қарсы келе жатқан «LEXUS-қа» бетпе-бет соқтығысқан. Лексустың 40 жастағы жолаушысы да жарақат алды. Қаза болған үш жасөспірім әйел адамның көлігінде болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11