Қайырғали Көнеев: Сақтандыру қорымен жұмыс істейтін клиникалар ақылы қызмет көрсетпеуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырғали Көнеев: Сақтандыру қорымен жұмыс істейтін клиникалар ақылы қызмет көрсетпеуі керек

27.06.2021

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жұртта сұрақ көп. Жүйенің бірізге түскенін сезінгендер бар ма, өзі? Мысалы, «рентгенге түскеннен кейін кескіні бермейді» деген шағым айтылады. Бұл қалай? Себебі рентген-кескін өзге мамандардан консультация алу үшін де керек.

Кейде оны әр дәрігер әр түрлі, тіпті қарама-қайшы бағытта түсіндіретін жағдайлар болады. Соның салдарынан қате диагноз қойылса ше?

Бұл қорға байланысты жұрттың наразы болатыны – былтыр коронавирус пандемиясы өршіген тұста қордың сол кездегі басшысы Айбатыр Жұмағұловтың басы дауға қалды. Алдымен дәрі-дәрмек тапшылығы шықты, содан кейін ПТР талдауының жоқтығы, ауруханалардағы қиын жағдай қор жұмысына байланысты наразылықты өршітті. Қордың салық төлеушілердің ақшасын үлкен көлемде ысырап қылғаны туралы мақалалар шықты.

Сөйтіп 10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» және «СК-Фармация»  жетекшілерін жұмыстан шығарып, қажет болса тергеу жүргізу» қажетін айтты, сол күні денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Айбатыр Жұмағұлов қызметінен айырылды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін Ақерке Бектас талдап көрді.

Үміт Есендікова, қала тұрғыны:
Медсестра жіберді мемлекеттік сақтандырумен тегін. Ал бізде мемлекеттік емханаларда УЗИ, жабдықтар жоқ ғой. Үлкен клиникаларда оның бәрі. Ақылы УЗИ-ге 4,5 мың теңге төлеп бардым. Ал ондағы врач түсіріп, жарты сағатқа жуық қарап, бәрін айтып берді.

Үміт Есендікова міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына ақша салуға қарсы. Ай сайын жалақыдан жарна аударғанымен, тегін медициналық көмекке қол жетпей отырғанына наразы. Емханаларда жабдықтың жоқтығы бір бөлек, дәрігерге қаралу үшін кезекті 20 күн, тіпті айлап күткенін айтады. Ақыры ақылы ауруханаға барып, тағы ақша төлеуге мәжбүр.

Үміт Есендікова, қала тұрғыны:
 Оның алдында ФГДС-ке бардым. 20 күндей күтуім керек болды. 20 күнде ауру да бір жақты болады ғой. Маған сол моментте керек. Амал жоқ, платныйға қайтадан бардым. Көп жағдайда күтуге кеп тіреледі. МРТ-лар 1 айға дейін.
Құрбанхан Жапаев, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының алматы филиалы бойынша бас сарапшысы:
Диагностикалық қызметтердің жүктемесінде осындай мәселе бар. Сондықтан бұл жердегі медициналық көмек көрсету 10 күннің ішінде болу керек егер жоспарлы түрде болатын болса. Ал төтенше жағдай болатын болса, 2 күннің ішінде қаралу керек. 9:00 Дәрігерлердің жазылуы бітіп қалатын болса, оларда емханалармен арада байланыс болады.
 Ләззат Шоманова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының департамент директоры:
Қызметтердің бәрін емханада алу керек. Егер емханада қызметті көрсететін маман болмаса реактивтер болмаса, аппарат бұзылса, сол жердегі басқа мед. ұйымдарға келісімшарт жасап, адамға жағдай жасау керек.
 Қайырғали Көнеев, Медицина ғылымдарының кандидаты, балалар неврологы:
Қазір шынымен де шатасу көп болып кетті. Бір науқасты медициналық сақтандырудан да өткізуі мүмкін, ГОБМП-дан да өткізуі мүмкін, науқас «жақсы палата бер» деп ақылы қызметке қалтасынан да төлеуі мүмкін. Бір ауруын емдеу үшін 3 жерден ақша түседі мысалы. Ол дұрыс емес. Коррупцияның лазейкілері, жолдары. 20:46 Бүкіл финансты Денсаулық сақтау министрлігі бір қорға беріп қойды. Қордың қолында қазір 2 трлн-нан аса ақша жылына.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі былтыр іске қосылды. Қазір 15 млн 900 мың адам ай сайын міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аударады. Қорға биыл 1 тоқсанда 183 млрд теңге түскен. Ал қалған экономикалық белсенді азаматтардың 3 млнға жуығы сақтандырылмаған. Демек қорға тұрақты қаражат салмайды. 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген.

Балалар неврологы Қайырғали Көнеевтың пікірінше, сақтандыру қорымен жұмыс істейтін клиникалар ақылы қызмет көрсетпеуі керек. Жекеменшік емханалардың кесірінен халықтың ем алу үшін екі есе шығынданып жүргенін айтады. Әсіресе ақша табуды ғана көздеген ақылы клиникалар сақтандыру арқылы көрсетілетін емді кейінге ысырып қояды.

Қайырғали Көнеев, Медицина ғылымдарының кандидаты, балалар неврологы:
Бір науқасқа айтады МӘМС-пен өтетін болсаң УЗИ-ді бір айдан кейін өтесің дейді. Ақылы өтетін болсаң, қазір-ақ өтуіңе болады. Сол дәрігер сол клиникада істейді. Әрине, ол коррупцияның жолдары. Оны алып тастау керек. 22:00 Ақылы клиникалар ақылы істеу керек. МӘМС-пен жол бермеу керек оған. Ал МӘМС-пен істейтін клиника ақылы қызмет жасамау керек.

Ал елдегі екі медициналық пакетке талдау жүргізген Health&Capital компаниясының сарапшылары екі бөлек жүйенің бюрократияға алып келгенін айтады. Марат Мамаев медициналық сақтандыру мен кепілдендірілген көмекті бір жүйеге біріктіруді ұсынды.

Марат Мамаев, Health&capital компаниясының жетекшісі: 
Мысалы, онкологиялық ауруды кепілдендірілген көмек арқылы емдейді. Ал скринингтен тек МӘМС арқылы өтуге болады. Егер азамат сақтандыру қорына ақша салмаса, скринингтен тегін өте алмайды. Ал медициналық тексерістен өтпеген адам ауырып жүрсе, ауруы асқынып кетпей ме? Дерті асқынған науқасты емдегеннен, ауруды дер кезінде анықтаған тиімді. Сондықтан мұның бәрін бір пакетке кіріп, көмек тегін көрсетілуі тиіс.

Қордың ақшасы халықтың есебінен көбейсе, неге азаматтардың пікірі ескерілмейді?! Сарапшылардың да талабы осы – тұрғындарға медициналық пакетке кіретін ем-домды таңдауға мүмкіндік беру. Мәселен, стоматологиялық көмек: жалақыдан жарна аударғанына қарамастан, бәріне бірдей тегін емес. Тек белгілі бір санаттағы адамдар ғана тегін ем алады.

Ләззат Шоманова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының департамент директоры:
 Ол жедел түрде және жоспарлы түрде көрсетіледі. Жоспарлы түрде тек 18 жасқа дейінгі балалар және жүкті әйелдер алады. Жоспарлы түрде олар тістерінің кариесін емдеп, қатты ауырғанда анестезия, пломбалау түрлерін алуға болады. 0:40 Жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, соғысқа қатысқандар, мүгедектер және оларға қарайтын кісілер және 1-ші топтағы мүгелектерге қарайтын адамдар ала алады.

Сақтандыру жүйесіндегі тағы бір проблема – емханада тек қажет дәрігерге ғана баруға мүмкіндік жоқ. Аурудың түріне қарамастан алдымен терапевтің алдынан өтесіз. Қайырғали Көнеев бұл уақытты ғана емес, артық ақша шығындаудың әдісі дейді.

Ақерке Бектас, тілші:
Әлеуметтік сақтандыру ең алдымен халықтың денсаулығын қорғап, тегін, сапалы қызмет көрсету үшін құрылды деді. Бірақ нақты бір дәрігердің емін алу үшін бірнеше дәрігердің «қарауынан» өтетін, бюрократиясы бітпейтін, медициналық аппаратқа айлап кезек күтетін халықтың жағдайына қарап кейбір емханалардағы тәртіптің бәз баяғы қалыптан түк те өзгермегенін байқаймыз.
Үміт Есендікова, қала тұрғыны:
Мен ол ақшаны садақа деймін. Қазір тіпті ойламайтын да. Сапасы артады, қай жерге барасың тегін, қай емханаға барғың келетін, барасың деп айтты ғой. Сапасы артқан жоқ!

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу