Елде ақылы автотұрақтардың мәселесі өткір тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде ақылы автотұрақтардың мәселесі өткір тұр

19.07.2022

Кәсіпкерлер пайдадан қағылып жатыр. Оған бірден-бір кедергі - қаладағы ақылы автотұрақтар. Бизнес өкілдерінің құқығын құрғайтын уәкілетті орган басшысы жобаны шикі деп есептейді. Қала берді бұл көшелердегі көлік қозғалысына да үлкен кедері болып тұр. Ал, одан түсетін пайданың тек 5 пайызы ғана мемлекетке төленеді.

Ақылы автотұрақты көбейтуді көздеген әкімдіктегілердің ендігі әрекеті қандай болмақ?

Асылбек Данияр, тілші:

Ақылы автотұрақтардың тағы бір кемшілігі - осындай төлем аппаратарында. Кейде жұмыс істесе, кейде жұмыс істемейді. Тұрғындар мұны халыққа тиімсіз етіп жасаған, дейді.

Бизнес орталықтарының алдына ондай қылып емес шамалы басқаша қылған дұрыс шығар енді тамақ жейтін орындарды. Енді бәрін ескеру керек қой. Тамақ көп дайындалуы мүмкін адам саны көп болып.

Ақылы автотұрақ енді машинаның қауіпсіздігіне жақсы, айдап кетпеуге жақсы. Ал, былай алып тастау керек деп ойлаймын.

Мен негізі тегін болғанын қалаймын. Енді көпшілік те соны қалайтын шығар.

Елордада ақылы автотұрақтардың көбеюі бизнес пен азаматтардың құқықтарын аяққа таптап отыр. Онымен қоса құрылыс нормалары мен ережелерін бұзады дейді қалалық кәсіпкерлік палатасының директоры. Оның айтуынша, кейбір бизнес объектілерінің жалға алған жерлеріне салған тұрақтары өзгенің меншігіне кетіп қалған. Бұл, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мақсаттары мен қағидаттарына қайшы.

Бейсен Жолболдиев, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:

Нысандар осындай бизнес орталықтары болсын оларға тиесілі «Астана қаласының құрылыс жоспары» бойынша 60-70 орынға дейін берілуі керек. Өйткені, жұмыс істейтін азаматтар бар біріншіден, келушілер бар олардың бәрі әрине, ақылы тұрақта тұру міндетті емес.

Бүгінде елордадағы ақылы автотұрақ алңының саны - 536. Мұнда шамамен 10 мыңға жуық орын бар. Бұл қаладағы көлік қозғалысын қиындатып қана қоймай, бизнес нысандарының қызметкерлері мен келушілеріне зиян тигізеді. Қазір ірі сауда орындарының алдында көлік қоятын тегін орын қалмаған. Осының нәтижесінде кәсіпкерлер табысынан айырылады.

Қайрат Көкенов, Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы:

Менің ойымша, мұндай тұрақтарды министрлік үйіне, Бәйтеректің, туристік агенттіктердің маңайына орналастыру керек. Егер адам мейрамханаға немесе дүкенге барып - тезірек тамақтана алмайды, жылдамырақ таңдау жасау да мүмкін емес. Сол үшін мұнда ақылы тұрақтың қажеті шамалы. Тұтынушы бастапқа сағатқа ақша төлеп, қалғанына төлемей қойса айыппұл арқалайды. Бұл басқа симайды.

Ержан Диханбаев, Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол инфрақұрылымы басқармасы басшысының орынбасары:

Түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, кейбір жерлерді қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Оң жағалауда бөлек ақылы автотұрақтарды көшіруді ойлап жатырмыз.

Әкімдік өкілдері мен кәсіпкерлер палатасы ақылы тұрақтардан түсетін қаржының тек 5 пайызы мемлекетке төленсе, қалған 95 пайызы жеке кәсіпкердің қалтасына кететінін айтады. Ол ақшаны қайда жұмсап жатқаны туралы есеп жоқ. Хат жазғанымен жауап болмаған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу