Елордада түрлі автотехника түрлерінің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада түрлі автотехника түрлерінің көрмесі ашылды

24.06.2021

Елордадағы ЭКСПО орталығында автокөлік көрмесі ашылды. Үш күнге созылатын көрмеге сауда көліктері мен өзге де түрлі техникалар қойылған. Көпшілік тюнингтен өткен ретро модельдерін тамашалауға мүмкіндік алады. Шетелдік компаниялар автокөлікке арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды да ұсынып отыр. Бұдан бөлек, арнаулы көлік құралдарының ішінде жолдарды сыпырып тазартатын машиналар мен қоғамдық техниканың үлгілері көрмеге қойылған. Мысалы, тәжік компаниясы өздері шығаратын автобустар мен троллейбустарды Орта Азияға экспорттауды көздейді. Айта кетейік, Тәжікстанда жылына 400 автобус өндіріледі екен.

Асрор Мирзоев, Акиа-Авесто автокомпаниясының атқарушы директоры: 
Түркияның Акиа компаниясы әлемнің 10 мемлекетіне өз өнімдерін экспорттайды. Олар негізінен, Еуропа мен Балтық елдері мен Африка. Биыл біз Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанға автобустарды экспортқа шығаруға жоспарлаймыз. 2018-ші жылдан бері Душанбеде 300-дей автобус халыққа қызмет көрсетеді.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу