Сынықшыға барған жеткіншек оң қолынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сынықшыға барған жеткіншек оң қолынан айырылды

24.06.2021

Ақтаулық тоққа түсіп мерт болды деген жасөспірімнің неден қайтқаны әзірге белгісіз. Қала әкімінің орынбасары осылай деп мәлімдеді. Болжам бойынша ол мектептің шарбағынан құлап, басына зақым тиюі мүмкін. Немесе жарық беру бағанына тоққа түсіп қалды. Қайғылы жағдай кеше түнде 5-шағын ауданда болды. 14 жастағы жасөспірім ауладағы шам бағанының жанында қаза тапқан. Сот медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары басталды. Осы оқидан кейін қаладағы жарықтандыру бағандары, электр желілері мен трансформатор станциялары тексеріле бастады.

 Серік Гусман,  Ақтау қаласы әкімінің орынбасары: 
Тексеріс басталды қызметтік тексеріс біздің тұрғын үй шаруашылығы бөлімінде. Түгел анықталады жағдай. Егер бұл мәселеге қызметкерлердің қатысы болса, сапасыз жұмыс болса, заңға сәйкес шаралар алынатын болады. 

Бұдан бөлек, аймақта тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. Сынықшыға барып уақыт өткізіп алған 9 жастағы жеткіншек оң қолынан айрылды. Оқиға маусым айының басында Қызылсай ауылында болды. Бала велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Ал, ата-анасы оны емшіге апарған. Алайда, 10 күннен кейін баланың қолы қарайып, шынтаққа дейін кесуге тура келді. Дәрігерлердің айтуынша, ауруы әбден асқынған, тағы 1 апта кешіккенде бала өліп кетуі мүмкін еді.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу