Читалық азамат снарядтарды балтамен шабамын деп қолынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Читалық азамат снарядтарды балтамен шабамын деп қолынан айырылды

11.11.2015
Читалық азамат снарядтарды балтамен шабамын деп қолынан айырылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Байкал аймағы бойынша мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Забмедиа» порталы хабарлайды.

Жарылыстың салдарынан осы мекеменің күзетшісі зардап шеті. Ол метал сынықтарын қабылдайтын орынға келіп түскен снарядтарды балтамен шауып жатқан. Осы сәтте снарядтардың бірі жарылып, күзетшінің қолын жұлып кетті. Ол бірден аймақтағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар мен саперлар жұмыс істеп жатыр.  


Ал, қазан айында Крамск қаласында 42 жасар Қырғызстан азаматы өзінің пәтерінде гранатаны жарып алған. Ер азамат жарылғыш затты бұрын тауып алғанын, ал оның қаншалықты іске жарамды екенін жарылыс болған күні сынап көрмек болғанын айтқан.


Ол спиртті ішімдікті ішіп алған соң, гранатаның ілмегін суырып алып, оны бөлменің бұрышына қарай лақтырып жіберген. Ер азамат жеңіл дене жарақаттарын алды.  

Хабарламаларға жазылу