Елордада қосымша шектеулер енгізілетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қосымша шектеулер енгізілетін болды

22.06.2021

Елордада «Дельта» штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен отырыстың қорытындысы бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігерге: вакцинасыз қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұжымдар үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу, екпеден бас тартқандарға міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу, «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарда екпе алу талабын енгізу, «Ashyq» жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу керек деген ұсыныс жасады. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік режимді күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты. Азық-түліктік емес тауарларды сататын сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының жұмысын кешкі беске дейін шектеу. Тамақтандыру орындарының жұмысын 20:00-ге дейін ал, ашық ауада 22:00-ге дейін шектеу енгізілмек. Жабық базарлар таңғы 10-нан кешкі 8-ге дейін ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ жоғарыда айтылған нысандар сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Бұдан бөлек 100 адамнан артық жиналып жиын-той өткізуге болмайды. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу