«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

22.06.2021

Дүниежүзілік дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсеріне қарамастан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2020-жылды табысты аяқтады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Жиында болашақ инвестициялық жобалар талқыланып, кеңес мүшелері отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларына қолдау білдірді. Кеңес төрағасы пандемия жағдайында Үкімет ұлттық экономиканы қолдау үшін барлық тетіктерді белсенді әрі тиімді пайдаланып жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
Үкіметпен бірге жұмыс істеп, қажетті шешімдер қабылдап жатқандарыңызды мен білемін. Бұл жұмысты әрі қарай да жалғастыру қажет. Пандемияның ұзақ мерзімді әсерін жеңіп, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауды ұмытпай, тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуді ынталандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу