Нұрсұлтан Назарбаев шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті

28.10.2020

Елбасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Тараптар экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Үкімет басшысы Асқар Маминнің жуырдағы сапары кезінде құны 6 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды ерекше атап өтті.

Асима Нұрбайқызы

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктері

Хабарламаларға жазылу