Елімізде батыс аймағында алдағы үш күнде 42 градус ыстық болуы мүмкін. Синоптиктер сақ болуды ескертті. Ал солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыста керісінше найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ, екпінді жел соғады. Тіпті, Шығыс Қазақстан облысындағы 6 ауданда сел жүру қаупі бар. Ол аймақтарда ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған.
Амангелді Сейітхан