Таразда медицина қызметкерлері үстемеақы ала алмай жүрміз деп шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда медицина қызметкерлері үстемеақы ала алмай жүрміз деп шағымданды

15.06.2021

Таразда медицина қызметкерлері бір жылдан бері үстемеақы ала алмай жүрміз деп шағымданды. Онымен қоймай, қудалауға ұшырадық деген ақ халаттылар арнамыздың тілшісіне хабарласты. Сәбит Әлдебай мән-жайды білді.

Бұл – індетпен бетпе -бет келген аурухана қызметкерлері. Бірақ қатерге басын тігіп жұмыс істегенімен, үстемақы алмаған. Зертханашылар бір жылдан бері «бармаған жер, баспаған тауымыз» жоқ дейді. Алайда ай сайын төленуі тиіс 850 мың теңге со күйі түспеген.

Лаура Саржанова,  зертханашы:
Наурызда мен 210 сағат, 212 сағаттан жұмыс істегем. Ал енді мына жерде бұл кісілердің табельге қойғаны 120-125 сағаттан, қысқартып тастаған.
Аида Қилыбаева,  зертханашы: 
Артымыздан түсіп алды. Жұмыс істеткізбей жатыр. Қорқытады, жеке-жеке кабинетіне шақырып алып, арыздарыңды алмасаңдар жұмыстан шығасыңдар, ауыстырамын деді. Ай сайын 850 мың төленуі керек, айлықтан бөлек. Осы уақытқа дейін 10 млн аса ғой.

Ал, жауапты мамандар үстемақының берілмеуі зертхана қызметкерлерлерінің аса қауіпті зонадан үшінші деңгейлі аймаққа ауыстырылғанымен түсіндіреді.

Сейдахмет Шыныбеков, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары: 
Осы қызметкерлерге барлығы айтып түсіндірілді. Үшінші топ бойынша өздерінің жасаған жұмыстары бойынша сағаттары бойынша, үшінші топ бойынша алып отыр. Бұйрықтың нәтижесінде.

Аурухана басшылығы зертхана ұжымы қызметте өрескел қателіктерге жол берген дейді. Ол үшін осы бөлімнің бірнеше қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланған. Қазір мұнымен келіспеген мамандардың арызы бойынша еңбек инспекциясы мен экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті мән-жайды тексеруге кірісті.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу