Премьер-Министр БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кездесті

11.06.2021

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанның Еуро Одақпен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың 7-отырысын өткізді. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту, төмен көміртекті экономикаға көшу, сондай-ақ декарбонизация процесіндегі ынтымақтастық әлеуеті қаралды. Үкімет басшысы әзірленіп жатқан «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қолжетімді және таза энергияны, тұрақты қалалар мен қоғамдастықтарды, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Үкімет басшысы сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп, энергетика және басқа да салаларда бірлесе жұмыс істеудің жай-күйі мен болашағын талқылады. Премьер-Министр екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтың жоғары деңгейін атап өтті. Әсіресе, агро өнеркәсіп саласында тізе қосуға екпін қойды. Келіссөз соңында,«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» мен «DP World» компаниясы арасында Қазақстанның жүк тасымалын арттыру және көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы ынтымақты көздейтін хаттамаға қол қойылды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу