Әлеуметтік маңызы бар тауарлар 6,3 пайызға қымбаттады
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 6,3 пайызға өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі айтты. Әсіресе маусым сайын бағасы құбылып тұратын көкөніс, импортқа тәуелді және сыртқы нарықта сұранысқа ие тауарлар қымбаттаған. Сәбіз, картоп, күнбағыс майы мен қант сияқты күнделікті тұтынылатын тауарлар да айтарлықтай өскен. Бақыт Сұлтанов бағаны тұрақтандыру қажет екендігіне тоқталды. Ол үшін өңір әкімдері мен жауапты министрлік өкілдері бірлесе отырып, ай сайын тауар бағасына, және ішкі қорға зерттеу жүргізіп, соған сай шешімдер қабылдауы керек.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Әкімдіктер барлық қажетті тетіктер болса да халықты қамтамасыз ету үшін ішкі нарықтағы картопты ұстай алмады. Атап айтқанда субсидиялау кезінде өндірушілерге қарсы міндеттемелер қойылмаған. Тұрақтандыру қорларына картоп жеткілікті көлемде сатып алынбады. Аймақтардың тұрақтандыру қорларында қазіргі уақытта картоп іс жүзінде жоқ.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07