Ақтөбе қаласында жол апатынан үш бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласында жол апатынан үш бала қаза тапты

21.02.2022

Ақтөбе облысында жол апаты кезінде үш бала өртеніп кетті. Қайғылы жағдай өткен сенбі күні болды. Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолында келе жатқан «Лада Ларгус» маркалы көліктің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақшы болған. Алайда «Даф» жүк көлігіне соқтығысқан. Жеңіл көлік жол жиегіне аударылып, рөлдегі адам терезеден сыртқа ұшып кеткен. Ол жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Өкінішке орай, 2007, 2009 және 2021-інші жылы туған балалары тірідей көлік ішінде жанып кетті.




Хабарламаларға жазылу