АҚШ әлемге 500 млн доза вакцина таратпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әлемге 500 млн доза вакцина таратпақ

10.06.2021

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі әлемнің 100-ге жуық еліне «Файзер» вакцинасының 500 млн дозасын тарату жоспарын жариялады. Бұл екпелер Біріккен Ұлттар Ұйымының COVAX бағдарламасы арқылы қайырымдылық мақсатпен өзге мемлекеттерге жөнелтілмек. Дәлірек айтсақ, коронавирусқа қарсы иньекцияларды табысы орта және төмен елдер алады. «Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, Құрама Штаттар үкіметі вакциналарды фармацевтикалық компаниядан пайда табу үшін сатып алайын деп отырған жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу