Балалар үйірмесі көпшілікке қашан қолжетімді болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар үйірмесі көпшілікке қашан қолжетімді болады?

06.06.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында болған селде балаларды құтқарамын деп өзі ажал құшқан мұғалім Мерей Ибрагимовті «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. 29 мамырда Алматы облысындағы Шарын шатқалында сел жүріп, сонда серуенге барған алматылық бір топ мектеп оқушысы мен олардың мұғалімдері соның жолында қалып, өлім мен өмір арасында арпалысқан. Ақыры 26 жастағы Мерей Ибрагимов пен кәмелет жасына толмаған бір оқушы опат болған еді.

Оқиғадан соң қылмыстық іс қозғалды. Ата-аналар мектеп басшылығының кінәсі жоқ, біздің бастама деп отыр. Ал өздері онлайн оқып, үйде отырған балаларының бір-бірімен қауышып, бой сергіткенін қалағандарын айтады.

 Ал сел жүру қаупі бары неге ескертілмеді дегенге келсек,

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықовты сөзбе-сөз келтірсек: Шатқалда жүрген сел емес. Қатты жауған жаңбыр салдарынан балшық пен су ағыны пайда болған.

«Шарын шатқалы мен оның ойпаты сел қауіпі бар аймақ емес. Ол жерде ТЖМ «Қазселзащита» бөлімшесі жоқ. Алматы мен Алматы облысы бойынша Төтенше жағдай департаментіне де Қазгидрометтен сел жүретіні туралы ескерту болған жоқ», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Тұйық шеңбер. Жалпы, әсіресе жаз шыға балалар мерт болатын оқиғалар көбейеді. Әсіресе суға ағып кету. Бірінші кезекте ата-аналардың салғырттығын айтамыз. Дұрыс, бірінші кезекте қойылатын талап – ата-ана жауапкершілігі. Дегенмен не істерін, қайда барарын білмей босқа сенделген балаларға демалыс ұйымдастыру мәселесі ше? Лагерьлер, үйірмелер, клубтар. Ресми ақпарға қарасақ, аз емес. Ал шын мәнінде? Ақерке Бектастың материалы.


Хабарламаларға жазылу