Қызылжарлық қария велосипедпен Алматыға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарлық қария велосипедпен Алматыға аттанды

04.06.2021

Қызылжарлық қария велосипедпен Алматыға аттанды. Ол өзінің ерекше сапарын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту етпек.

Қазыбек Бекеев – 67 жаста. Бұған дейін Түркия, Ресей мен Қазақстанда талай марафонға қатысқан. 20 жылдан бері жеңіл атлетикамен шұғылданып жүр. Спортшы күніне шамамен 200 шақырым қашықтықты еңсеріп, оңтүстік астанаға екі аптада жетуді жоспарлаған.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу