Қырғыз азаматы Азамат Жанәлиев Алматыға Бішкектен арнайы велосипедпен келді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз азаматы Азамат Жанәлиев Алматыға Бішкектен арнайы велосипедпен келді (ВИДЕО)

30.05.2016
Қырғыз азаматы Азамат Жанәлиев Алматыға Бішкектен арнайы велосипедпен келді (ВИДЕО)

Қырғыз азаматы Азамат Жанәлиев Алматыға Бішкектен арнайы велосипедпен келді. «Ұлы қырғыз ізі» атты жоба авторы дүниежүзінің жеті құрлығын велосипедпен араламақшы. 

Ол «Жаңа тыныштық жолы» деген бағытты ұстанып, шартарапты шарлауға тыңғылықты дайындалған. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 және Алматының 1000 жылдық мерейтойымен құттықтау үшін Қазақстанға арнайы ат басын бұрыпты. 

Осылайша, бауырлас мемлекеттің саяхатшысы бір туған қазақ-қырғыз арасындағы ынтымақ пен береке-бірлікті нығайтуды көздейді. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу