Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Жұмағалиев пен Ерболат Досаев Премьер-Министрдің орынбасарлары болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Жұмағалиев пен Ерболат Досаев Премьер-Министрдің орынбасарлары болып тағайындалды

03.09.2017

Осы аптада Үкіметте бірқатар ауыс-түйіс болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Жұмағалиев пен Ерболат Досаев Премьер-Министрдің орынбасарлары болып тағайындалды. Асқар Жұмағалиев бұған дейін «ҚазАтомӨнеркәсіп» Акционерлік қоғамы басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ал, Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы болды. Осылайша, Премьер-министр орынбасарларының саны төртеуге жетті. Бұған дейін орынбасар болып келген Асқар Мамин мен Асқар Мырзахметовтер сол қызметтерін жалғастыра береді. Жаңадан тағайындалған вице-премьерлер бұған дейін де Үкімет құрамында болған. Ерболат Досаев алдымен Денсаулық саласын басқарып, кейін Ұлттық экономика министрі болды. Ал, Асқар Жұмағалиев Байланыс және ақпарат министрлігіне жетекшілік еткен еді.

Хабарламаларға жазылу