Шілде айында ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шілде айында ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді

03.06.2021

Ауыл әкімдерін сайлау шілде айының соңында өтетін болды. Қазіргі жоспар бойынша науқанның өтетіндігі туралы маусым айында ресми жарияланады. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына 1 ай уақыт берілмек.

Жалпы, барлығы 2345 ауыл әкімі сайланады. Оның 800-ге жуығы, яғни, 30%-ын іріктеу биылға жоспарланған. Сайланған әкімдер құзыреті 4 жылға созылады. 

Миржан Иманбаев, ҚР ҰЭМ Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары: 
Ең бсты қойылатын талаптардың бірі: үміткер ҚР азаматы болу керек және 25 жасқа толған азамат болуы қажет. Әкім лауазымы әкімшілік мемлекеттік қызметкер болғандықтан бұл тұлғаларға заңда берілген талаптар қойылатын болады. Яғни, ол еңбек өтіліміне байланысты және де біліктілігі мен біліміне байланысты.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу