Қарағанды облысында ауыр көлік джипті таптап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ауыр көлік джипті таптап кетті

02.06.2021

Қарағанды облысында «Белаз» ауыр көлігі жол талғамайтын джипті таптап кетті.

Оқиға өңірдегі карьерлердің бірінде болған. Жеңіл көліктің ішінде сол кезде үш адам отырған. Абырой болғанда ешқайсы да зардап шекпеді.

Олар карьерге ауа баптағышты жөндеуге барған. Ауыр көліктің астында қалған машинаға айтарлықтай зақым келген. Қазір полиция оқыс оқиғаны тергеп жатыр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу