Елбасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру, экспорттық және транзиттік тасымалды ұлғайту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында компанияның атқарып жатқан шаралары туралы баяндады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті тәуелсіздік жылдары еліміздегі инфрақұрылымдық даму нәтижелеріне тоқталып, темір жол желілерін кеңейту саласындағы жетістіктерді атап өтті.
Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы:
Бүгінгі күні теміржол магистралі ҚТЖ-ның басты активі. Ол 100 пайыз мемлекеттің меншігінде. Қазір темір жолдарымыз жүк тасымалы тұрғысынан экономиканың барлық сұраныстарына сай. Жалпы техникалық жағдайы да қанағаттанарлық деңгейде.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 161 волонтерлер ұйымы жұмыс істейді
25.09.2026, 15:10
Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
25.09.2026, 15:09
Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
25.09.2026, 15:09
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 15:08
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
«Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды»
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05