МИ-8 тікұшағының техникалық сипаттамасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МИ-8 тікұшағының техникалық сипаттамасы

28.03.2019

Дәл осы маркалы тікұшақ апаты бұған дейін 2008 жылдың 28-ші ақпанында Жалағаш елді мекенінің маңайында болған. Көктемгі тасқын жағдайын білу мақсатымен Сырдария өзенінің төңірегін аралауға ұшып шыққан МИ-8 тікұшағында 3 экипаж мүшесі мен 15 жолаушы отырған. Апат салдарынан экипаждың 2 мүшесі мен 3 жолаушы қаза тапқан еді. Ал енді бұл тікұшақтың мінездемесі мен қандай мақсатта қолданылатына тоқталып өтейін.

МИ-8 - әлем жаппай қолданатын қос қозғалтқышы бар тікұшақ. Әуе көлігі Ресейде шығарылады, алғашқы моделі 1960 жылдардың басында құрастырылған. Бүгіндері оның 12 мыңнан астам нұсқасы шығарылған. Жалпы сыйымдылығы:  4 мың тонна жүк немесе 32 адам. Ұшу ұзақтығы: 1200 шақырым болса, биіктікке ұшу шегі -  4 мың 500 метр.

Крейсер жылдамдығы сағатына 230 шақырым. МИ-8-дің жолаушылар тасымалдайтын моделінің салонына 18 орындыққа дейін орнатуға мүмкіндік бар. Қолдану мақсатына қарай МИ-8 модельдері түрлі құрылғылармен жабдықталады. Біздің елде бұл тікұшақ десанттық, көліктік, санитарлық әскерилерді бір орыннан екінші жерге жіберу үшін пайдаланылады. Әдетте, оның экипажы 3 адамнан тұрады. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу