Астанада «Әскери әулет» қайырылымдылық марафонына 700-ге жуық әскери қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Әскери әулет» қайырылымдылық марафонына 700-ге жуық әскери қатысты

26.10.2015
Астанада «Әскери әулет»  қайырылымдылық марафонына 700-ге жуық әскери қатысты
«Отан қорғаушылар» алаңына таң атысымен жиналған қатысушыларға қала тұрғындары да қосылды.

Жоғары шенді қызметкерлер мен отставкадағы әскерилер де жанұяларымен жүгірді. Қарулы күштеріміздің белді қызметкерлері бастап, қатардағы жауынгерлер қоштаған шараға Алматы, Ақтөбе және Оралдық әскерилер атсалысты.

Осы марафонда жиналған қаржы «Мейірім» және «Балаларға өмір сыйла» қайырылымдылық қорларына аударылмақ.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу