Түркістан облысында қуаңшылықтан қиналған шаруалар малдарын сатып жатыр
Түркістан облысының оңтүстік аудандарында қуаңшылықтан қиналған шаруалар малдарын сатып жатыр. Әсіресе Келес ауданында жаз басталмай жатып- ақ шөптер қурап, төрт түліктің аузы көкке жарымады. Шөптің бағасы сол қалпынша 2,5 есеге қымбат сатылып жатыр. Мал азығының бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті биліктің тарапынан нақты шаралар қабылданбады дейді шаруалар. Аудан басшылығы болса, төтенше жағдай жарияланбай қосымша қаржы бөлінбейтінін алға тартты.
Нұрсұлтан Серікбаев, Қалғансыр ауылының тұрғыны:
Шөпті көрші ауылдардан, Сырдарияның арғы бетінен, Восход елді мекені, 50 жылдық, Көксу, совхоз Шардарадан тасып жатырмыз. Басында жоңышқа 650-700 болып жатыр. Келем дегенше артуы бар, бензин пұлы бар, мыңнан келіп жатыр.
Ақментай Есбаев, Келес ауданының әкімі:
Жауын-шашынның аздығынан биылғы жылы шөп ерте қурап, жайылымда мүлдем шөп барлығы қурап кетті. Жаңағы жоңышқаның бір пресс бағасы 800-1000 теңгеге шығып жатыр. Ал, бюджеттен оны төтенше жағдай жарияланбаса, ешқандай қаржы қарай алмаймыз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06