Коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға қағаз нұсқада анықтама беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға қағаз нұсқада анықтама беріледі

31.05.2021

Ертеңнен бастап коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға қағаз нұсқада анықтама беріледі. Бұл туралы бас санитар Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Ал, шет елдерде екпе алған азаматтардың мәліметтері 1 шілдеден бастап «Вакцинация» модуліне енгізеді. Ал, мүмкіндігі шектеулі адамдарды вакциналау үйлерге барып ұйымдастырылмақ.

Ал, Германияда вакцина жөнінде жалған құжат жасағандар екі жылға дейін сотталуы мүмкін. Бундесрат федералды кеңесі инфекциядан қорғау жөніндегі заң жобасына бірнеше өзгерту егізді. Өйткені, заң бұзушылар адамның суретін әлеуметтік желіден алып, жалған құжат жасап, оны шамамен 100 еуроға сататын болған.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу