Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады
Президентке Шығыс Қазақстан облысының жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Кездесу барысында өңірдің инфрақұрылымдық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бойынша берілген тапсырмаларының орындалуы, сондай-ақ екінші жарты жылдыққа жоспарланған Семей қаласындағы жүк таситын көліктерге арналған көпірдің қайта жөнделу барысы баяндалды. Одан бөлек, Даниал Ахметов Президентке Өскемен және Үржар қалаларындағы әуежайларды қайта жөндеу жұмыстары туралы ақпарат берді. Әуежайларды жаңғырту жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Б.Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларымен ойнайды
26.08.2026, 13:27
Құрылтай сайлауы – саяси дамудың жаңа белесі
26.08.2026, 13:24
$1,2 млн болатын 4 сағатты ұрлап кетті
26.08.2026, 13:21
Жапонияға «Саудел» тайфуны жақындап қалды
26.08.2026, 13:18
АҚШ пен Канада арасындағы сауда шиеленісті
26.08.2026, 13:15
Қызылорда облысындағы мектеп асханаларында талаптар бұзылған
26.08.2026, 13:12
Астанада фельдшер қазасына қатысты сот отырысы жалғасты
26.08.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар жолды сел шайып кетті
26.08.2026, 13:06