Жоғалған студенттерге қатысты жаңа деректер шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған студенттерге қатысты жаңа деректер шықты

27.05.2021

Бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан жастардың екеуі - Ақтөбе облысының тумасы. Тағы бірі Атырау облысынан, қалған екі студент Орал мен Жезқазған қалаларынан келген. Топта сондай-ақ, ағайынды студент пен мектеп бітіруші болған. Жоғалып кеткен жастардың арасында 4-ші курс студенттерінің бірі Абылай Тоқтасын да бар. Ол инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасында қараша айында тауда түскен суретін жария етіпті. Онда табиғаттың әсемдігін суреттей келе «қысқасы көктемде келу керек, жап-жасыл болады» деген ойымен бөліскен. Жоғалғандардың бірі - оралдық Диас Төлегенов. Назарбаев Университетінің үшінші курс студенті. Оралдағы Білім және инновация лицейін Алтын белгімен бітірген. Жасы 21-де. Әкесі ұлымен соңғы рет 7 күн бұрын сөйлескен.



Хабарламаларға жазылу