Э.Суханбердиеваға қатысты қосымша деректер шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Э.Суханбердиеваға қатысты қосымша деректер шықты

11.10.2019
Э.Суханбердиеваға қатысты қосымша деректер шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның №3 мектебінің директоры Елена Шеверняевамен заңсыз кәсіпкерлік схемасын жариялады.

Агенттіктің аса маңызды істері бойынша тергеушісі Ринат Аймұқановтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының №3 гимназиясында ұзақ уақыттан бері жеке мектеп жұмыс істеп келген. 

«Бұл мектеп іс жүзінде Е.Шеверняеваға тиесілі болған. Істі кедергісіз жүргізу үшін Е.Шеверняева өзінің құрбысы вице-министр Суханбердиевамен бірлесіп жұмыс істеген. Олар өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, мектепке «қамқорлық» жасап келген. 2016 жылы білім басқармасы өз оқушыларына орын жетпей жатқан мемлекеттік мектепте жеке мектептің жұмыс істеп тұрғанын сынға алып, директор Е. Шеверняеваға шара қолдануды тапсырған. Директор құрбысы Э.Суханбердиеваға жүгініп, білім басқармасына ықпалын тигізген», - деді Ринат Аймұқанов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тексеруі барысында сынып жетпеген оқушылардың жертөледе оқығаны анықталған. Атап айтқанда, Алғашқы әскери дайындық пен Технология пәндері жертөледе өткізілген.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу