26 мамырдан оқушыларға арналған «Жазғы мектеп» жобасы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

26 мамырдан оқушыларға арналған «Жазғы мектеп» жобасы басталады

25.05.2021

Әлемді дүрбелеңге салған індет білім саласын да айналып өтпеді. Мәселен, қашықтан оқу балалардың оқу үлгеріміне кесірін тигізді дейді ата-аналар. 

Ақмарал Санаева, көпбалалы ана:
Үлкен ұлыма әсер етті. Сабағы бұрын төрт пен бес болатын еді, қазір үшке түсті. Оған көндік. Ол үшін баланы ұрсып, ұрып, сабағың түсіп кетті деп кінәлауға хақым жоқ. Себебі жағдай осылай болып тұрғаннан кейін балаға да түсіністікпен қарау керек. 

Олқылықтың орнын толтыру үшін министрлік «Жазғы мектеп» жобасын ұйымдастырып отыр. Ведомства өкілдері де білім сапасының төмендегенін жасырмайды. Қосымша оқу ертеңнен басталады.  

Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы:
Әрине, сапаға келетін болсақ сапада мәселелер бар. Қашықтан оқу жүйесіндегі олқылықтарды жою бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 26 мамардан бастап «Жазғы мектеп» атты жоба 19 маусымға дейін жүреді. 



Хабарламаларға жазылу