Оқушыларға арналған жазғы мектеп жобасы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларға арналған жазғы мектеп жобасы басталады

24.05.2021

26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектеп жобасы басталады. Қашықтан оқу кезінде иегере алмаған тақырыптарды оқушылар қосымша сабақтарда үйренеді. Ұлттық білім академиясы 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі әр пәннің қиын тақырыптарына талдау жасап, нұсқаулықтар дайындап, мектептерге ұсынады. Жазғы мектепте білім алу ерікті түрде жүргізіледі.

Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы:
Жазғы мектепте ғана жасалатын бір күндік жұмыс болмайды. Алдағы оқу жылдарында игерілмеген тақырыптарды бекіту жұмыстары ескеріледі. Жергілікті атқарушы органдар бар, жоғары оқу орындары бар, пелдагогикалық колледждердің үздік шәкірттері бар. Солармен бірге кешенді жұмыс жасалады.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу