Түркістан облысында су тапшылығы шешілмесе, егіс алқаптары күйіп кетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында су тапшылығы шешілмесе, егіс алқаптары күйіп кетпек

24.05.2021

Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасындағы су деңгейі үш есе кемігендіктен, Сырдарияда да су азайды. Салдарынан Түркістан облысының Өзбекстанмен шекаралас аудандарында су тапшы. Мәселе шұғыл шешілмесе, бірнеше ауылдың егіс алқаптары қурап қалмақ. Өңірге келген Сенаты депутаттары мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері шаруалармен кездесіп, осы проблеманы талқылады. Мамандар жауын-шашынның аз болуына байланысты биыл ағын судың тапшы болатынын, сондықтан суды аз қажет ететін дақылдар егуге кеңес бердік дейді. Дегенмен, суармалы жерлерді көбейту үшін инфрақұрылымды жақсарту керек. Республикалық меншіктегі каналдардың басым көпшілігі жөндеуді қажет етеді.

Болат Байсаринов,  шаруа:
Жылда осындай болады. Ауылдың бәрі күнімен, түнімен судың басында жүреді. Бір бірімен талас, айқау шу. 
Әли Бектаев,   ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Судың тапшылығы биыл ғана емес, болашақта да болуы мүмкін. Себебі, жылдан жылға су азайып келе жатыр. Сондықтан суды үнемдеу технологиясын көбейтуіміз керек. Осы технологияларды біздің шаруалар пайдаланатын болса, су аз пайдаланылады. Әрі үнемді болады.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу