Өңірлерге 2,3 млн вакцина жеткізілген, қазір соның 500 мыңы қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерге 2,3 млн вакцина жеткізілген, қазір соның 500 мыңы қалған

18.05.2021

Өңірлерде вакцина жетіспей жатыр деген ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. Кейбір аймақтағы вакцинаның тапшылығы сол облыстағы медицина ұйымдарына екпенің дұрыс бөлінбеуінің себебі,-дейді. Мәселен, қазір ел бойынша 2 млн 300 мың вакцина таратылған, соның 500 мыңдайы қолданылмаған. Мәселен, Ақтөбеге 99 мың екпе жеткізілсе, соның 27 мыңы қалған. Ал, Алматы облысына берілген 207 мың вакцинаның 14 мыңы бар. Солтүстік Қазақстанға 91 мың екпе жеткізілген, қорда 27 мыңы тұр. Одан бөлек, республикалық қорда әлі 500 мыңға жуық екпе бар. Мамырда тағы 1 жарым миллиондай вакцина әкелу жоспарланып отыр.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы:
Өңірлердегі медицина ұйымдарының адамдардың егілуі қарқыны әр түрлі болғандықтан, Облыстық мамандар тарапынан бар вакцинаның көлемін қайта бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу