Автобус парктері толығымен жекешелендірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автобус парктері толығымен жекешелендірілмек

14.05.2021

Мемлекеттің меншігіндегі автобус парктері толығымен жекенің қолына өтпек. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілдері ол үшін 2025 жылға дейін арнайы жоспар қабылданғанын жеткізді. Айтуларынша облыс орталықтарындағы автопарктер жекешелендірілмек. Бұл кәсіпкерлер арасында бәсекелестікті арттырып, парктердің дамуына жол ашады. Сарапшылар болса бизнесмендер жолақыны негізсіз қымбаттатуы мүмкін екенін айтып отыр. Десе де агенттіктегілер автопарктердің жұмысын заң жүзінде бақылаймыз дейді. Тіпті, автопарк бағаны Үкіметпен келісіп белгілейтініндерін жеткізді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу