Шығыс Қазақстанда белгісіз індеттен мал қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

13.05.2021

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында сиыр мен қойдың төлі белгісіз індеттен қырылып жатыр. Шілікті, Қарасай және Жалшы ауылында соңғы екі аптада жүздеген қозы мен бұзау өлген. Сиырлардың да ұртының терісі сыдырылып жатыр. Ауыл тұрғындары ауру белгілерін байқай сала білген ем-домын жасап, малын аман алып қалуға тырысып әлек. Бірақ одан қайыр аз. Малмен күнелткен халық, жергілікті билік пен ветеринарлардан көмек жоқ деп шағымданды. Шілікті ауылындағы тек бір шаруашылықта ғана жүзге жуық қозы арам қатқан. Өлген малға ешқандай акт жасалмаған. Ауыл тұрғындары оларды мал өлексесіне арналған қорымға тастап жатыр. Бірақ, ауыл маңында да белгісіз аурудан қырылып қалған бұзау мен қозының өлекселері көбейіп кеткен. 


Сәуле Ысқақова, Шілікті ауылының тұрғыны:
Жеке бір үйде емес. Барлық үйде сол. Бірақ келіп жатқан комиссияны көргеніміз жоқ. Ана өлген малға өтемақы бере ме, бермей ма? Мына заманда білмеймін. Соған көмек жасаса. Енді көмекті облыс әкімінен сұраймыз.


Берік Көшербай

ШҚО мла індеті мал ауруы

Хабарламаларға жазылу