Шығыс Қазақстанда ірі қара мал неден қырылып жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда ірі қара мал неден қырылып жатыр?

21.04.2020

Белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатқан Шығыс Қазақстандағы Көктал ауылына арнайы комиссия барды. Өлген малдан алынған сынамалар Семей қаласында зерттеледі. Тараған қандай дерт екендігі 10 күн ішінде анықталады. Әзірге ауыл карантинге жабылған жоқ. Шығын болған ірі қара үшін өтемақы төлене ме, ол да беймәлім. Қазір мамандар өлген сиыр мен ауруды жұқтырған малдың санын анықтап жатыр. Ертең ауылға ветеринарлардан құрылған арнайы топ барып, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Халық тараған аусыл дерті деп күдіктенеді. Өйткені 2012, 2013 жылдары осы жұқпалы ауру Тарбағатай мен Үржар аудандарынан шығып, шаруалар шығынға батқан. Облыс көлемінде сол жылдары 7 мың бас ірі қараның көзі жойылған еді. Ал Көктал ауылындағы жағдай бойынша әкімшілік өкілдері, зертхана нәтижелерінен кейін нақты шешім шығаратынын айтып отыр. 

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу