Ел экономикасы тұрақты өсу жолына түсті
Қазақстанның экономикасы пандемиялық дағдарыстан кейін жылдам ес жиып, тұрақты өсу жолына түсті. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты. Жалпы ішкі өнім 0,7 пайызға артқан. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4 айдың қорытындысы бойынша 7,7 пайызға жеткен. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Жыл басынан бері Республикалық бюджетке 2 трлн-ға жуық қаржы түсіп, жоспар 117 пайызға орындалды. Ал бөлінген қаржыны уақытылы игере алмаған өңірлер мен министрліктерге ескерту жасалды. Жыл басынан бері экономиканың барлық секторында өсім байқалады. Үкімет басшысы экономикалық өсімді бәсеңдетпей азық түлік бағасын тұрақтандыруды ерекше назарда ұстауды тапсырды.
Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі:
Экономикалық өсу пандемияны тежеу сондай-ақ елдің жеке секторы мен өндірістік әлеуетті қолдау жөнінде шараларды іске асырудың тиімділігі маңызды индикаторы болып табылады. Экономиканың өсу қарқынын алдағы айларда сақтап, оны ұлғайту маңызды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08