СҚО-дағы Шағалалы теңіз көлінде балық қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағы Шағалалы теңіз көлінде балық қырылып қалды

18.08.2020

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданында Шағалалы теңіз көлінде 1,5 тоннаға жуық балық қырылып қалды. Мамандар дереу көлге жетіп, балықтың қырылу себебін анықтауға кірісті. 

Алдын ала болжам бойынша, қамыс пен балдырдың шіруі себебінен шамадан тыс күкіртқышқыл газы бөлініп, желбезектілер қырылып қалған. Көлден сынама алынып, зерттеу жүргізілуде.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу