Қазақстанда короновирусқа шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда короновирусқа шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді

04.05.2021

Елімізде короновирусқа шалдығу көрсеткіші біртіндеп төмендеп келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Жалпы вакциналаудың нәтижесі қандай? Бұл туралы әріптесім Дарын Сағитов айтып беруге дайын. Дарын, елімізде қанша адам вакцина алды, мамырда қандай кешенді шаралар қолға алынады?


Дарын Сағитов, тілші:
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елімізде 1,5 млн-ға жуық адам вакцина алды. Науқан басталғалы шамамен 1,8 млн доза вакцина қолданылды. 1-ші сәуірмен салыстырғанда, тәулік ішінде бірінші және екінші компонентпен егілгендердің саны 12 есеге артқан. Вакцина ең көп салдырған қалалар арасында Алматы көш бастап тұр. Ал өңірлер арасында Алматы облысы тұр. Айта кету керек қазір елде Спутник V, QazVaq, Hayat-Vaх екпелері қолжетімді. Үкімет басшысы Қазақстанда қолданылатын вакциналардың қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстарын ширата түсіруді тапсырды. Бұған қоса, ауыл тұрғындарына вакцина салуға ерекше назар аудару қажет, деді.  


Асқар Мамин ҚР Премьер-министрі:
Мамырда 2 млн-нан астам адамды вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Вакцинаның қажетті көлемі бар. Вакциналаудың өсу қарқынын төмендетпей, тек өсіру керек. Сонымен қатар, вакциналанған адамдардың саны артқанмен азаматтар белгіленген санитарлық талаптарды қатаң сақтауды жалғастыруы тиіс.


Дарын Сағитов, тілші:
Үкімет басшысы жауапты ведомствоға жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық нысандар жұмысын шектеудің жаңа өлшемдерін бекіту мен вакцина алғандарға жеңілдік беруді бақылауда ұстау қажет, деді. Отырыста айтылғандай, вакцинаның екі компонентін алғандар ПЦР-тест тапсырмайды. Айта кету керек, қазір Қазақстан вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 107-орында тұр.


қазақстан коронавирус

Хабарламаларға жазылу