Демография көрсеткіші төмендеп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демография көрсеткіші төмендеп барады

14.11.2022

Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, ертең жер шары тұрғындарының саны 8 миллиардқа жетеді. Соның 1,4 миллиарды – Қытайда. Алайда келесі жылы бұл мемлекетті адам саны жағынан Үндістан басып озуы ықтимал. Қытайда туу көрсеткіші биыл рекордтық деңгейге төмендеді. Мәселен былтыр мұнда 10,6 миллион бала өмірге келсе, биыл туған нәрестелердің саны 10 миллионға да жетпейді.

Қытай «бір бала» саясатынан 2015 жылы бас тартты. Дегенмен ақпанда жүргізілген зерттеуге қарағанда, Қытайда әйелдердің бала тууға ынтасы өте төмен. Бұл мәселені шешу үшін коммунистік билік декреттік демалыс мерзімін ұзарту, баспанаға субсидия беру, үшінші балаға қосымша ақша төлеу тәрізді шаралар қабылдап отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу