Ұлыбритания ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі ойлап таппақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі ойлап таппақ

30.04.2021
0:00:00
0:00:00

Ұлыбритания ғалымдары күзге дейін ковидке қарсы дәрі ойлап таппақ.

Таблетка немесе капсула түрінде шығарылатын антивирустық препарат ковидтің жеңіл түрімен ауыратындар үшін нағыз ем болмақ. Ол науқастың жағдайын ушықтырмай, ауруханаға жатқызбай ақ үйде жазылып кетуіне мүмкіндік береді деген үміт бар. Британиялық ғалымдардың басым көпшілігі биыл пандемияның тағы бір толқыны болады деп қауіптенеді. Елде тұрғындар жаппай екпе алып жатыр. Осы қарқынды сақтап қалу үшін мемлекет Пфайзер/Байонтек вакцинасының қосымша 60 миллион дозасын сатып алмақшы. Жаз ортасына дейін ересектер түгел екпенің қос дозасын алып үлгереді деген жоспар бар.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу