Петропавлда ауа ластанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ауа ластанды

28.04.2021

Петропавлда ауа күкірт сутегімен ластанды. Өткір иісті қала тұрғындары да сезген.

Экологиялық мониторинг жүргізген мамандар атмосферадағы химиялық заттың нормадан 8 есе асып кеткенін анықтады. Егер бұл көрсеткіш, 10-ға жетсе, дабылды ескерту жарияланады. Күкіртсутегі адамның тыныс жолдарына кері әсер етеді. Әзірге ауаның неден бүлінгені белгісіз. Былтыр да дәл осындай жағдай тіркелген болатын.

Оксана Гордиенко, «Қазгидромет» филиалының зертхана меңгерушісі:
Атмосфералық ауаның ластануы 4 бекетте бақыланады. Күкіртсутегінің жоғары деңгейі 26 сәуір күні тіркелді. Ертеңінде жағдай тұрақталды. Ал бүгінгі мониторинг ауада химиялық заттың көбейіп кеткенін көрсетіп отыр. Оған органикалық заттардың шіруі немесе кәсіпорындардан шығып жатқан зиянды қалдықтар себеп болуы мүмкін.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу