Петропавлда қалың қар түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда қалың қар түсті

17.10.2014
Петропавлда қалың қар түсті

Петропавлда бүгін қалың қар түсті. Көктайғақ кесірінен қалаға кіре беріс жолдарда кептеліс пайда болды. Сол себепті таңертеңнен коммуналдық мекемелер қар тазалау, құм себу жұмыстарына кірісті. Қала жолдарын тазалауға 28 техника шығарылды. Дәл қазір ақ ұлпа ери бастаған.  Синоптиктердің болжамдары бойынша, ертең ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Демек көшелердің көктайғаққа айналуы ғажап емес. 

Хабарламаларға жазылу