Маңғыстауда қаруланған браконьерлер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда қаруланған браконьерлер ұсталды

26.04.2021

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында заңсыз жүргендерді инспекторлар екі сағаттай қуып, әрең қолға түсірді. Браконьерлер Шетпе кентінің 4 тұрғыны болып шықты. Олардың көлігінен 3 атыс қаруы, 1 аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ, өлі арқар табылды. Айта кететін жәйт, «Қызыл кітапқа» енген бір арқардың құны – шамамен 13 млн теңге. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу