Зеренді ауданының әкімі орынбасары арқылы пара алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеренді ауданының әкімі орынбасары арқылы пара алған

22.01.2019

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова жариялады. Аудан әкімі мен орынбасары жалға берілген жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту үшін кәсіпкерден 3 млн теңге талап еткен. Агенттік мамандары әкім мен орынбасары екеуінің 2 милион теңгені иемденбек болған жерінде үстінен түсті.

Жанна Бастарова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі: 

- Ол өзінің орынбасары арқылы ауыл шаруашылығына арналған 300 гектар жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту үшін ЖШС директорынан 3 млн теңге пара алды деп айыпталып отыр. Оқиға орнын тексеру нәтижесінде әкімнен 2 млн теңге тәркіленді, сериясы бұрын алынған 1 млн теңгемен сәйкес келген қаражат анықталды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу