10 млн. теңге пара алған Атбасар қаласының әкіміне сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 млн. теңге пара алған Атбасар қаласының әкіміне сот үкімі шықты

04.09.2018

Атбасар ауданының экс-әкімі Андрей Никишов 10 жылға сотталды. Никишов пен оның орынбасары Айтқабыл Серкебаев және тағы бірнеше мемлекеттік қызметкер былтыр пара алған жерінен ұсталған болатын. Аудан басшысы көктемгі су тасқынының салдарын жоюға  бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланған және жүйелі түрде пара алып отырған деп айыпталды. Параның жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады. Андрей Никишов пен оның сыбайластары Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 

Раджаб Даминов, Ақмола облыстық соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

- Атбасар ауданының экс-әкімі Андрей Никишовты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағы және 366-бабы 3-бөліміің 2,4 тармақтары бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. 70 миллион теңге айыппұл салынды. Андрей Никишов бұдан былай мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу