Сауд Арабиясы мен Иран тікелей келіссөздер бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы мен Иран тікелей келіссөздер бастады

19.04.2021

Иран мен Сауд Арабиясы бес жыл бұрын үзіліп қалған дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру үшін тікелей келіссөздерді бастады. Мұны Британияның «Файниэншл таймс» газеті хабарлап отыр. Басылымның дерегінше, кездесу сәуірдің 9-да Бағдадта өтіп, келесі аптада қайта жалғаспақ.

Болжамдарға қарағанда, бұл диалогтың басталуына Саудияның Йеменде алты жылға созылған соғысты аяқтау және АҚШ-тың жаңа президенті Джон Байденге жағу ниеті себепші. 

Айта кетсек, қазір Вашингтон Иранмен арадағы ядролық келісімді қалпына келтіріп, Тегеранды санкциядан босату жолдарын қарастыруда. Ал, Йемендегі әскери жанжалда Иран қолдаған шиит-хуситтер Саудияға сүйенген үкімет армиясымен соғысып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу