Түркістан облысында қызғалдақтарды қорғау акциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында қызғалдақтарды қорғау акциясы өтіп жатыр

18.04.2021

Маңғыстау құмында сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді. Қызыл кітапқа енген гүлдердің суретін тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде жариялаған. Автор қызғалдақтардың Маңғыстау ауданындағы Айрақты тауының маңында өскенін жазады.Көктем ортасында гүлдейтін соғды қызғалдағы – биіктігі 25 см дейін жететін көп жылдық өсімдік. Қызғалдақтың ерекше түрі Қызылқұм, Қарақұм мен Маңғыстаудың құмды, сазды, тіпті шөлдерінде өседі.

Ал Түркістан облысының Бәйдібек ауданында қызғалдақтарды қорғау акциясы өтіп жатыр. Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің мамандары қызғалдақтарды жұлып, гүл шоғын жасап түскен азаматтардың фотосуретін әлеуметтік желіге жариялауды үрдіске айналдырған. Олар ҚР Қызыл кітабына енген кез келген қызғалдақ түрін жұлған, тасымалдаған, жойған, сатқан, сақтаған азаматтар Қылмыстық кодекстің 399-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салады.


Хабарламаларға жазылу