«Халық қазынасы» акциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Халық қазынасы» акциясы өтіп жатыр

07.02.2019

«Халық қазынасы». Солтүстік Қазақстан музейлер бірлестігі осындай акция бастады. Өңірдің 4 ауданында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты - ауыл тұрғындарына тарихы құнды дүниелерді көрсету.

Оның арасында 6 мың жыл бұрынғы Ботай қонысынан табылған жәдігерлер де бар. Ондағы қазба жұмыстары осыдан 39 жыл бұрын басталған. Сол уақыттан бері мыңдаған жәдігер табылып, ежелгі адамдардың қандай үйлерде тұрғаны, олар ұстаған  құрал-саймандар анықталды. Осының арқасында жылқы мінген көшпенділердің әлемдік өркениетке орасан үлес қосқаны дәлелденді.  

Юрий Зайберт, тарихшы:  

- 6 мың жыл бұрын жылқы қолға үйретілді. Мұны жаңа дәуірдің басталуы десек те болады. Осының арқасында миллиондаған жылдар бойы жаяу жүрген адамдардың көлігі пайда болды. Жаяу адам сағатына 6 шақырым жүрсе, атты адам 30 шақырым жүреді. Адамдардың әлемді игерудегі жаңа дәуірінің басы деп осыны айтамыз. Жылқының арқасында көптеген мүмкіндік пайда болды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу