Алматы іргесіндегі өркениеттен ада қалған ауыл жұрты Ұлттық арнадан көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы іргесіндегі өркениеттен ада қалған ауыл жұрты Ұлттық арнадан көмек сұрады

15.04.2021

Алматы іргесінде тұрсақ та, өркениеттен адамыз. Бұл Алматы облысы Іле ауданына қарасты Қоянқұс ауылы тұрғындарының жан айқайы. Айтуларынша, елді мекендегі инфрақұрылымның әлсіздігі тұрғындарды әбден мезі еткен. Мәселені айтып, аудан әкіміне сан мәрте барған. Облыс әкімдігіне де хат жолдаған. Алайда еш нәтиже жоқ. Сондықтан тұрғындар Ұлттық арнаға хабарласып, көмек сұрады.

Бұл ауыл тұрғындарының ауыз су мәселесі он жылдан бері көтеріліп келеді. Көлігі барлар көрші ауылдан тасыса, қалғандары тұндырып ішуге мәжбүрміз дейді.

Кәмила Баймұханбетова, ауыл тұрғыны: 
Су жоқ. Фильтр қоятындар келеді. Сіздердің суларыңызды мал ішуге жарамайды деп айтып кетеді. Су тартылмаған соң не істей аламыз. Сол суды ішуімізге тура келеді. 

Осыған дейін суды, электр жарығын өздері кіргізген жұрт көгілдір отынға қол жеткізу тіпті арманға айналды дейді. Себебі, халықты газбен қамтамасыз етуі тиіс жеке кәсіпкер биыл бағаны 700 мың теңгеге көтеріп жіберген. Бұған инвестор былай дейді.

Әкімдік өкілдері биылдан қалмай біраз мәселе шешімін табатынын айтты.

Тұрғындар әкімдік өкілінің бұл сөзіне де күмәнмен қарап отыр. Себебі, алды їш, арты он жылдан бері бірде -бір мәселенің басы ашылмапты. Егер атқарушы билік осы жолы айтқанымызға құлақ аспаса, арыздарын хатқа түйіп, Ақордаға аттанамыз деп отыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу